Мәслихат хатшысы |
![]()
VІ шақырылған Риддер қалалық мәслихатының хатшысы ПАНЧЕНКО Игорь Иванович Шығыс Қазақстан облысының Лениногорск қаласында 1961 жылдың 7 маусымында дүниеге келді. Қазақстан Республикасының азаматы. Білімі: жоғары, мамандығы: тау-инженер-электригі, іскерлік басқару Менеджері.
«Нұр Отан» ХДП мүшесі.
2016 жылдың 25 наурызында Риддер қалалық мәслихатының хатшысы болып сайланды.
Үйленген, төрт баласы бар.
08.1978-02.1988 – Электрмонтер оқушысы, электрмонтер, жылу күші цехының механигі. Лениногор көпметаллды комбинатының мырыш зауыты;
02.1988-04.2005 – Жылу күші цехының бастығы. «Казцинк» ААҚ мырыш зауыты;
04.2005-01.2007 – Жылу энергетикалық жабдықтарға қызмет көрсету бойынша бөлім бастығы. Энергетикалық жабдықты жөндеу және жабдықтау бойынша цех. «Казцинк» АҚ мырыш зауыты;
01.2007-11.2007 – Энергетикалық цех бастығының орынбасары. «Казцинк» АҚ мырыш зауыты;
11.2007-02.2008 –Пригородный ауылдық округының әкімі;
03.2008-08.2009 – Риддер қаласы әкімінің орынбасары;
11.2009-12.2011 – Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша инспектор. «Казцинк» ЖШС Риддер металлургиялық кешені;
12.2011-01.2012 – Қауіпсіздік, еңбекті қорғау және экология бойынша бас техникалық басшының орынбасары. «Казцинк» ЖШС Риддер металлургиялық кешені;
01.2012-03.2016 – Бесінші шақырылған Риддер қалалық мәслихатының Хатшысы.
03.2016-осы уақыт –Алтыншы шақырылған Риддер қалалық мәслихатының Хатшысы.
ӨКІЛЕТТІКТЕРІ
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚРЗ-нан үзінді
19-бап. Мәслихаттың хатшысы
1. Мәслихаттың хатшысы тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн лауазымды адам болып табылады. Оны мәслихат сессиясында депутаттардың арасынан ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы депутаттар жалпы санының көпшiлiк даусымен мәслихат сайлайды және қызметтен босатады. Мәслихаттың хатшысы мәслихат өкiлеттiгi мерзiмiне сайланады.
2. Мәслихат хатшысы лауазымына кандидатураларды мәслихат депутаттары мәслихат сессиясында ұсынады.
3. Мәслихат хатшысы:
1) мәслихат сессиясын және оның қарауына енгiзiлетiн мәселелердi әзiрлеудi ұйымдастырады, хаттама жасалуын қамтамасыз етедi және сессия төрағасымен бiрге мәслихат сессиясында қабылданған немесе бекiтiлген шешiмдерге, өзге де құжаттарға қол қояды;
2) мәслихат депутаттарының өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыруына жәрдемдеседi, оларды қажеттi ақпаратпен қамтамасыз етедi, депутаттарды мәслихат сессияларына, оның тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының жұмысына және сайлау округтерiндегі жұмысқа қатысуы үшiн қызметтiк мiндеттерiн орындаудан босатуға байланысты мәселелердi қарайды;
3) депутаттар сауалдарының және депутаттық өтiнiштердiң қаралуын бақылайды;
4) мәслихат аппаратының қызметiне басшылық жасайды, оның қызметшiлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
5) сайлаушылар өтiнiштерi туралы және олар бойынша қабылданған шаралар туралы мәслихатқа ұдайы ақпарат берiп отырады;
6) мәслихаттың өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимылын ұйымдастырады;
6-1) осы Заңның 24-бабына сәйкес әкiмге сенiмсiздiк бiлдiру туралы мәселеге бастамашылық еткен мәслихат депутаттарының жиналған қолдарының төлнұсқалығын тексеруді ұйымдастырады;
7) өз құзыретiндегi мәселелер бойынша өкiмдер шығарады;
8) мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының және депутаттық топтардың қызметін үйлестiреді;
9) мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен және қоғамдық бiрлестiктермен қарым-қатынастарда мәслихат атынан өкiл болады;
10) мәслихат шешiмдерiнiң жариялануын қамтамасыз етедi, олардың орындалуына бақылау жасау жөнiндегi iс-шараларды белгiлейдi;
11) мәслихат шешiмi бойынша өзге де мiндеттердi орындайды.
Жеке сұрақтар бойынша азаматтарды қабылдау мәслихат аппаратында – әр сейсенбі күні сағат 14.00-ден 17.00-ге дейін, №33 бөл., телефоны: 4-42-30;
екі айда бір рет 4-ықшам ауданы, 28 мекенжайы бойынша №3 мектепте №9 округінің сайлаушыларын қабылдауды жүргізеді.
Телефон: 8 (72336) 4-42-30
Қабылдау бөлімінің телефоны (факс): 8 (72336) 4-29-30
Пошталық мекенжайы: ШҚО, Риддер қ., Семенова к-сі, 19 Индекс: 071303
Е–mail:
Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны көру үшін сізде Javascript қосулы болу керек
,
Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны көру үшін сізде Javascript қосулы болу керек
|