Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс өткізу туралы хабарлама | ![]() |
![]() |
![]() |
Жаңалықтар мен оқиғалар | ||
Риддер қаласы, Семенова көшесі, 19, № 32 кабинет, «Риддер қаласының мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесі, 071300, тел.: 8(72336)42450, 42461, факс (72336)42930, e-mail: Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны көру үшін сізде Javascript қосулы болу керек «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына ұйымдастырушылық-құқықтық бөлімінің бас маманы орнына орналасуға жалпы конкурс жариялайды. «Риддер қаласының мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастырушылық-құқықтық бөлімінің бас маманы(санаты Е – 4) –лауазымдық жалақысы бар 1 бірлік, еңбек еткен жылдарына байланысты 77512,86 теңгеден 104943,21 теңгеге дейін; Функционалдық міндеттері: Заңды және жеке тұлғалардың өтінімдерін қарастыру бойынша ЭҚАБЖ бағдарламалық қамтамасыздығының жұмысын жүзеге асырады. Бақылау құжаттардың, жеке және заңды тұлғалар жүгінулерінің уақытылы орындалуы бойынша жұмысты іске асырады, кірістік құжаттарды және шығыстық хат-хабарларды тіркеуге алады. Мәслихат аппаратының іс қағаздарын, соның ішінде электронды құжат айналым жүргізеді, істер номенклатурасын құрайды, құжаттардың есепке алуын, сақталуын, оларды мұрағатқа беруін және жоюын қамтамасыз етеді. Қызметтік хат-хабарлар, жеке және заңды тұлғалардың жүгінулері бойынша ай сайындық, тоқсан сайындық, жартыжылдық және жылдық есептермен айналысады. Құжаттардың, жеке және заңды тұлғалардың жүгінулерін бақылау жүйелерін жетілдіруге, қызметкерлердің жеке істерін мұрағатқа ресімдеуге, ведомстволық мұрағатқа шаралар қабылдайды. Аналитикалық анықтамалар, ақпараттар, қалалық мәслихат депутаттарының жұмысы туралы жазбалар дайындайды. Қалалық мәслихатпен және оның органдарымен өткізілетін іс-шараларды хаттамалауда және дайындауда қатысады. Бекітілген кестеге сәйкес қалалық мәслихат хатшысымен, қалалық мәслихат депутаттарымен азаматтарды жеке қабылдауын ұйымдастырады. Қалалық мәслихат сессияларында, депутаттық комиссиялар отырыстарында айтылған және қала азаматтарынан мәслихатқа келіп түскен ұсыныстар мен ескертулерді жалпылайды. Мәслихат сессияларының шешімдерін және мәслихат хатшысының өкімдерін, арыздарының хаттарын,азаматтардың, қызметтік хат-хабарлардың орындалуы бойынша жұмыстарды іске асырады. Сайлау компанияларын дайындауда және өткізуде, қалалық сайлау комиссияларын қалыптастыруда қатысады. Қалалық мәслихаттың депутаттық өкілеттілік, заңдылық және әлеуметтік сұрақтар бойынша тұрақты комиссия жұмысын ұйымдастыру үшін жауапты. Мәслихат депутаттарының қала әкімінің аппаратымен, басқа да мемлекеттік органдармен және қоғамдық бірлестіктермен өзара әрекеттестіктерін қамтамасыз етеді. Мәслихат аппаратының болашақты әрекеттер жоспарын әзірлеу бойынша жұмыста қатысады. Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: білімі жоғары, аталған санаттың мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі. Келесі құзіреттің болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар «Риддер қаласының мәслихат аппараты» ММ ШҚО Риддер қ., Семенова к-сі, 19, №30-каб. құжаттарын қолма-қол тәртіпте, пошта арқылы немесе e-mail: Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны көру үшін сізде Javascript қосулы болу керек электрондық почта мекенжайына электронды түрде немесе «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы немесе «е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесінде құжаттарды тапсырады. Құжаттарды қабылдау мерзімі-7 жұмыс күн, ол жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі; Конкурсқа қатысу үшін құжаттар электронды түрде электрондық пошта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы немесе «Е- қызмет» ықпалдастырылған ақпарат жүйесі арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір күннен кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді. Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады: 1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш (нысан қоса берілген); 2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен Қазақстан РеспубликасыМемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидаларының 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі (нысан қоса берілген); 3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi; «Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі. «Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі. Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың (келісімнің) қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі; 4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi; 5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/у нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі); 6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; 7) құжаттарды тапсыру кезінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі); 8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру кезінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі); 9) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11304 болып тіркелген) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі); 10) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11304 болып тіркелген) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі). 3), 4), 5), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларда көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді. Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайда еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесiн ұсыну талап етілмейді. Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурстық комиссияның оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады. Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады. Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар етілген күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде «Риддер қаласы мәслихатының аппараты» ММ өтеді. Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады. Конкурстық комиссия шешімімен келіспеген жағдайда конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар 5 жұмыс күн ішінде Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша департаментіне немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады. Конкурстық комиссия шешіміне шағымды: ШҚО, Өскемен қ. Тәуелсіздік даңғылы 4 мекенжайы бойынша ұсынуға болады. Жалпы конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидаларынегізінде өткізіледі. Анықтама телефондары: 8 (72336) 42461, факс 8(72336) 42930,e-mail: Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны көру үшін сізде Javascript қосулы болу керек .
__________________________
Өтініш
Мені__________________________________________________________
______________________________________________________________
_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсы нақатысуға жіберуіңізді сұраймын.
"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олар менкелісемін және орындауғ міндеттеме аламын.
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қосаберілгенқұжаттар:
______________________________________________________________
______________________________________________________________
______________________________________________________________
______________________________________________________________
______________________________________________________________
______________________________________________________________
______________________________________________________________
______________________________________________________________
______________________________________________________________
Мекенжайыжәнебайланыстелефоны___________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесініңаты (болғанжағдайда))
"___"_______________ 20 __ ж.
|